+7 (701) 759 90 19
USD 439.01 EUR 474.61
RUB 5.75 CNY 61.91
Jańalyqtar

ДДСҰ басшысы: Қытайдың қабылдаған шаралары эпидемияның тарамауына сеп болады

2020 жылғы 29 қаңтар 09:24
Бөлісіңіз:
ДДСҰ басшысы: Қытайдың қабылдаған шаралары эпидемияның тарамауына сеп болады

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус Бейжіңде ҚХР басшылығымен кездесу барысында Қытайдың жаңа коронавирус инфекциясының таралуын тежеуге қауқарлы екеніне сенім артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 569 адам болды ШҚО-да 14 жасар бала коронавирус жұқтырған Карантин шаралары коронавирустың таралуын 52-ден 12 пайызға азайтты – Елжан Біртанов

ДДСҰ басшысының айтуынша, Қытай үкіметі эпидемия жағдайында уақытылы және тиімді шаралар қабылдаған.

«Бұл шаралар тиімділігін көрсететіне және Қытай осы эпидемияны жеңетініне сенімдімін», - деп мәлімдеді ол.

Коронавирустың жаңа үлгісінің ошағына айналған Хубэй провинциясына Қытайдың түрлі қалаларынан алты мың медицина қызметкері жіберілген. Ухан қаласында «10+10» жүйесі қолданылып жатыр. Ол бойынша, ірі он аурухана жоғары білікті қызметкерлерін, технологиялары мен жабдықтарын шағын он медициналық мекемеге береді. Ал, шағын медициналық мекемелер ғимараттарын беріп, жататын орындар әзірлейді.

Уханда вирустық инфекция жұқтырған науқастарды қабылдау үшін екі ірі мамандандырылған аурухана салынып жатыр. Ол 2300 орынға арналған. Қаладағы барлық арнайы емханалар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Қабылданған және қаралған науқастар саны күніне он мың адамнан асады.

Соңғы тәулікте Қытайдың 31 провинциясында, автономды аудандар мен қалаларда індет жұқтырғандар саны 1 459 адамға артты. Қаза тапқандар саны – 26 адам (Хубэй провинциясында – 25, Хэнаньда – 1), ауруханадан 43 адам емделіп шықты. Ал, 3248 адам (Тибетте бір адам) коронавирус жұқтырды деген күдік келтіруде.

Бүкіл әлемге 2003 жылы өршіген атипиялық пневмониямен күреске үлес қосу арқылы танымал болған ҚХР Инженерлік академиясының академигі Чжун Наньшань «Синьхуаға» берген сұқбатында «эпидемия бір апта-он күннен кейін үдемелі кезеңге жетіп, әрі қарай ірі ауқымды қамтымауы тиіс екенін» жеткізді.

Соңғы дерек бойынша, Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 5 974 адамды құраған. 132 адам көз жұмса, 103 науқас емделіп шыққан.

Автор: Руслан Сүлейменов


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT