Дауыл салдарынан үш өңірде 400-ге жуық нысанға зақым келді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дауылдан кейін үш облыстағы электр желісін қалпына келтіру бүгін кешке дейін аяқталады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«6-8 сәуір аралығында Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары аумағында дауылды жел болды. Осының салдарынан электр энергиясымен қамтамасыз ету желісінің өшірілуі орын алды, түрлі ғимараттардың шатыры қирады. Жалпы алғанда, аталған кезеңде үш өңірдің аумағындағы 395 нысанға зақым келді, оның ішінде Ақмола облысында - 210, Қостанай облысында – 92, Солтүстік Қазақстан облысында - 93», - деді Ю. Ильин Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның сөзіне қарағанда, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында дауылдың кейін электр желісін қалпына келтіру жұмыстары бүгін аяқталады. Осы орайда Ю. Ильин барлық елді мекендер электр энергиясына сағат 18:00-ге қарай толықтай қосылатынын нақтылады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, солтүстік өңірлерде үзілген электр желілерін қалпына келтіруге 17 бригада жұмылдырылды.



Соңғы жаңалықтар