Дәурен Абаев: Жамбылдың дара жолы - елдік мүддеге қызмет етіп жүрген әрбір адамға үлгі-өнеге

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбылдың дара жолы - елдік мүддеге қызмет етіп жүрген әрбір адамға үлгі-өнеге. Бұл туралы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Ұлы дала ақыны» атты халықаралық конференцияда ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жамбыл мұрасының құндылығы неде? Әрине, ғалым-әдебиеттанушыларымыз ақынның шығармашылығын зерттеп, оған лайықты бағасын беретін болады. Дегенмен, бүгін мен келесі маңызды мәселелерге тоқталмақпын. Ең алдымен Жамбылдың өнегелі өмірі мен өнері – туған халқын шексіз сүюдің, оған қалтқысыз қызмет қылудың озық үлгісін айшықтайды. «Жамбыл менің жай атым, халық менің шын атым» деп жырлаған ақын барлық уақытта да халқымен бірге болды»,- деді ол.

Дәурен Абаев ұлы ақынның қиын-қыстау кезеңдерде жалынды жырларымен халықтың рухын оятып, адамдарға күш-қуат бергенін баса айтты.

«Қос ғасырда ғұмыр кешіп, талай аумалы-төкпелі заманның куәсі болған абыз бабамыз ешқашан адамдықтың асқақ биігінен төмендемеген. Қоқан бектерінің де, Патшалық Ресейдің де, Кеңес үкіметінің де екпінінен ықпай, әрдайым қалың қазақтың сөзін сөйлеуі Жамбылдың тек ақын емес, азамат ретіндегі тау тұлғасын аңғартады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Ұлы Жамбыл – қазақ дәстүрлі әдебиетінің көрнекті, талантты өкілі» деп тарихи бағасын берді. Осы тұрғыдан алғанда, дала данагөйінің дара жолы - елдік мүддеге қызмет етіп жүрген әрбір адамға үлгі-өнеге», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар