Дәурен Абаев:Ұлттық жобалар – ескі проблемаларды жаңа тәсілмен шешудің құралы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев «Ашық диалог-2» сұхбатының кезекті санында Ұлттық жобалардың төңірегіндегі қызу пікірталастарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президент Ұлттық жобалардың бірқатарын бекіткені туралы жаңалық пайда болған сәтте-ақ бәрі «мәтіні қайда?» деген сұрақ қойды. Ел ішінде Үкімет Ұлттық жобалардың мазмұнын жыл бойы жасырып келгендей, құдды бір астыртын өмірге енгізгелі жатқандай сындар айтылды. Белгілі бір нюанстар, логистика бар. Екі күннің айналасында Ұлттық жобалардың барлық құжаттары ашық ортаға шығарылғанын білесіз. Осыдан кейін-ақ барша қызу әңгіме тыншыды деп ойлаймын», - деді ол сұхбат барысында.

Оның пайымынша, Ұлттық жобалардың атына қарап қана баға берсе, шынымен де осыған дейін қолданылған мемлекеттік бағдарламалардан айырмашылығы жоқ болып көрінуі мүмкін.

«Ал мемлекеттік бағдарламалар мен Ұлттық жобалардың мазмұнына маңыз беріп қарасақ, тұжырымдамалық өзгешеліктер бар. Ең әуелі тәсілдерінде айырмашылық бар. Яғни, біздің ескі проблемаларды жаңа тәсілдермен, айқын басым бағытқа құрылған шаралар арқылы, жобалық басқару құралдары арқылы, цифрлық трансформация арқылы шешкіміз келеді. Ұлттық жобаларға түзетулер де енгізіліп жатыр. Мысалы. «Жасыл Қазақстан – қауіпсіз ел» ұлттық жобасы мемлекеттің жүйелі сауалдарына берген тікелей жауабы. Бір сәттік емес, айқын рәсімделген, қоғамдық мүдделер теңдігінің аясында белгіленген», - деген Президент әкімгілігі басшысының бірінші орынбасары Ұлттық жобалардың іске асуына «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты қала ықпал ететінін түсіндірді.

«Саламатты ұлт» және «Білімді ұлт» жобалары да қазіргі ахуалға жауап деуге болады. Пандемия кезеңі денсаулық сақтау жүйесі де, қазақстандықтардың өз денсаулығына деген көзқарасы да реформаны қажет ететінін көрсетті. Ал мектеп пен білім ұлт дамуының негізгі мәселесі. Бізде мектепке баратын балалардың үлкен толқыны қалыптасып отыр. Әине, оларға мектепте жақсы білім берілуі керек. Онсыз қоғамды немесе экономиканы дамытуға бағытталған кез келген бағдарламаның мәні жоқ. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы Ұлттық жобаларды іске асыруда маңызды рөл ойнайтынын айрықша айту керек. Ол қоғамдағы сауалдардың ең негізгілерін іріктеп шығарып, саясат пен реформаға енуіне мүмкіндік берді. Президент былтырғы Жолдауында «халық үніне құлақ асатын мемлекет» әділетті мемлекет құрудың құралы екенін айтқанын білеміз. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қоғамы осы Ұлттық жобалардың орындалуын қадағалаған кезде өз рөлін атқарады. Бұл мемлекеттік органдарға әлдеқайда тиімді әрекет етуге мүмкіндік береді», - деді Дәурен Абаев.


Соңғы жаңалықтар