Дәурен Абаев тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жаза қалай күшейтілгенін түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Ашық диалог» бағдарламасында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң нормасының өзгерістеріне пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заңды толығымен зерттесеңіз, жазаның шынымен де күшейтілгенін байқауға болады. Екіншіден, бұл ретте айыппұлды неліктен алып тастады? Мұнда шынайы өмірдегі жағдайлар ескерілген. Көзіңізге елестетіп көріңіз: тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жәбірленушісі мәселен күйеуіне қарсы арыз жазды делік. Ал күйеуіне айыппұл төлеуге міндеттейді. Ал күйеуі бұл айыппұлдан құтылу үшін ақшаны қайдан алады? Ол айналып келіп отбасының қаражатын жұмсайды. Ал кейде тіпті жәбірленушінің өз қалтасынан алып, айыппұл төлеуі мүмкін. Осыны ойлаған әйелі арыздан бас тарта салуды ойлайды», - деді Дәурен Абаев «Ашық диалог» бағдарламасында.

Министр бұл жаза жайлы айта келе, жағдайдың мән-жайын ескеру керектігін атап өтті.

«Істі сот қарайды. Егер сот жөн деп тапса, ешқандай ескерту де болмайды. Айыпты бірден 15 тәулікке қамалады. Онымен қоса бұл ескерту тіркеліп, зорлық-зомбылық қайталанған жағдайда құқықбұзушы ескертусіз 20 тәулікке қамалады. Төртіншіден, тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жаза қалай күшейтілді? Мысалы, жүйелі түрдегі зорлық-зомбылық үшін құқықбұзушы 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Денсаулыққа қасақана жеңіл жарақат жасаған жағдайда қамау күні 3-тен 5-ке дейін ұзартылған», - деді ол.

Дәурен Абаев жәбірлегені үшін берілетін жаза жеке сипаттан жариялы сипатқа ие болғанын тілге тиек етті.

«Яғни, бұрын жәбірленуші сот үшін дәлелдің бәрін өзі жинап жүгірсе (мәелен, сот-медициналық сараптамадан өту), бүгінгі күні бұл іспен полиция айналысып, ал сотта айыптауды жеке тұлға емес, прокурор жүргізеді», - деді ол.

Еске сала кетсек, жыл басында ҚР Ішкі істер министрлігі былапыт сөйлеу, қорлау, кемсіту және отбасындағы зорлық-зомбылық үшін әкімшілік жаза түрлері өзгеріске ұшыраған заң нормасын түсіндірген болатын.





Соңғы жаңалықтар