Дәулет Дәукенов WBA Asia чемпионы болды

None
None
МИНСК. ҚазАқпарат - Бүгін Беларусь астанасы - Минск қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық былғары қолғап шебері Дәулет Дәукенов украиналық қарсыласы Назри Рахимовпен айқасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі боксшы жартылай орта салмақтағы жекпе-жекте WBA Asia белбеуі үшін бәсекеге түсті.

Жекпе-жек тартысты болып, жоспарланған барлық 10 раунд өткізілді. Боксшылар бір-бірімен тең дәрежеде өнер көрсетті. Төрешілер шешімімен Дәулет жеңімпаз атанды.

Айта кетерлігі, Д.Дәукенов бұған дейін сегіз мәрте шаршы алаңға шықты. Жетеуінде жеңімпаз атанып, біреуінде есе жіберді. Ал Назри Рахимов бүгінге дейін жеті жекпе-жегінің алтауында қарсыласынан басым түсіп, біреуінде жеңіліп қалған болатын.

Қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегін биылғы жылдың ақпан айында украиналық Сергей Сорокаға қарсы өткізіп, төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жеткен еді.

Ал Назри Рахимов екі апта бұрын ғана өзінің отандасы Андрей Войтенкомен шаршы алаңға шығып, қарсыласын төртінші раундта қапы қалдырды.


Фото: sport.inform.kz
Соңғы жаңалықтар