Дауларды соттан тыс және сотқа дейін шешу институттарын дамыту қажет - министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева дауларды соттан тыс және сотқа дейін шешу институттарын дамыту маңызды екенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық қоғамда дауларды негізінен сот арқылы реттеу кең таралғанын талдау нәтижелері көрсетіп отыр. Бұл азаматтар мен соттар үшін үлкен мәселеге айналуда, тараптар уақыты мен қаражатын жоғалтып, сот жүйесін ауырлатады.

«Біріншіден көп уақыт алады, қаржылық шығын келеді, сот жүйесіне шамадан тыс жүктеме жасайды. 2019 жылы қаралған 2 млн 600 істің тек 42 мыңға жуығы медиация тәртібімен реттелген. Осыған байланысты Мемлекет басшысы өз Жолдауында айтқандай «соттан тыс» және «сотқа дейінгі» дауларды реттеу институттарын дамыту қажет. Бұл өз кезегінде азаматтар арасында жанжалды ушықтырмай, жүйке тоздырмай, уақыт пен қаржыны шығындамай жылдам шешуге мүмкіндік береді»,- деді Аида Балаева ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі медиация мәселесінде АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Швейцария сияқты алдыңғы қатарлы елдердің үздік тәжірибелерін негізге алмақ.


Соңғы жаңалықтар