Дәстүрімізді білу жеткіліксіз, оны қорғауымыз керек – саясаттанушы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы көптеген өзекті мәселені көтерді. Дәстүрімізді білу жеткіліксіз, оны қорғауымыз керек. Бұл туралы «Рухани даму және ұлттық дәстүрлерді сақтау» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, саясаттанушы Берік Әбдіғалиұлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының басты мақсаты – ұлттық құлдыраудан аман алып қалу. Бүгінгі күні жастармен санасуымыз керек. Жастардың санасы өзгерек. Олардың санасына рухани құндылықтарды қалай енгізуге болады? Бұл өте үлкен жұмыс.

Алашордашылар кезінде Жапонияны бекерден бекер мысалға келтірмеген. Жапонияның негізгі қағидасы – ұлттық құндылықтарын сақтай отыра әлемдегі озық үрдістерді бойына сіңіріп алды. Осы тұрғыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы көптеген өзекті мәселені көтерді. Дәстүрімізді білу жеткіліксіз, оны қорғауымыз керек», - дейді саясаттанушы Берік Әбдіғалиұлы.

Оның айтуынша, біздің көп салт-дәстүріміз экзотикаға айналып барады.

«Қала бәрібір өзінің заңдылығын жасайды. Мысалы, қазіргі уақытта қалада бәрі қазақша сөйлейді, бірақ іс-қимыл еуропалық болып кеткен. Ұлтты ұлт қылып отырған тіліміз ғана емес, ол салт-дәстүріміз, дініміз бен діліміз. Осыны қалай жастарға бейімдей аламыз, осы жағын ойлауымыз керек. Осы жағын зерттеп көруіміз керек», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар