Дәрілерге жағымсыз реакциялар туралы хабарламалар жолдау неліктен маңызды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығына» 2021 жыл ішінде дәрілік препараттардың жағымсыз реакциялары туралы 4075 карта-хабарлама келіп түсті.

Жағымсыз реакциялар туралы хабарламалар тіркеуден кейінгі препараттар мен медициналық бұйымдар сапасын бақылауға бағытталған фармакологиялық қадағалау саласындағы халықаралық практиканың бір бөлігі болып табылады.

«Карта-хабарламалардың немесе «сары карталар» деп аталатын хабарлардың келіп түсуі - дәрілік заттар, медициналық бұйымдар айналымда жүретін бүкіл кезең барысында пайда және қауіптер арақатынасын бағалауға мүмкіндік беретін дәрілік препараттың қауіпсіздігін бақылау жүйесі компоненттерінің бірі екенін түсіну маңызды. Яғни, фармакологиялық өнімнің мемлекеттік тіркеуге дейін қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасы тұрғысынан сараптамадан өтетінінен тыс, ол қолдану кезеңінде тұрақты мониторингтеуден өткізіледі», - деп атап көрсетті Дәрілік заттар мен бұйымдарды сараптау орталығы Бас директорының орынбасары Баян Молдахметова.

Өткен жылы келіп түскен карталар санының едәуір бөлігі — 1773-нің телнұсқалық көшірмелер немесе толық емес болып отыр. Атап айтқанда, оларда қажетті деректер, оның ішінде препаратты дозалау режимі мен өндіруші көрсетілмеген. Талдау жасалған 2302 анықталған хабарламаның 45,7% жуығы жүйелі пайдалануға арналған инфекцияға қарсы препараттар үлесіне тиеді. Осыған ұқсас статистика 2020 жылғы қорытындылар бойынша байқалды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша осындай көрініс бүкіл әлемде сақталғанын нақты атап өту қажет: жүйелі қолдануға арналған инфекцияға қарсы препараттар медициналық қолдану барысында жағымсыз реакциялар туындаған препараттар арасында көш басында тұр. Осы көрсеткіштерді төмендету үшін ДДСҰ антибиотиктерді ұтымды пайдалану жұмысын жүргізеді.

Аймақтар бөлінісінде карта-хабарламаларды жолдауда Алматы (27,2%), Нұр-Сұлтан (12,9%) қалалары, Қарағанды облысы (8,1%), Павлодар облысы (6,7%) және Шымкент қаласы (6,4%) белсенділік танытты.

Дегенмен де, медициналық ұйымдардың, дәрілік заттар өндірушілерінің, дистрибьюторларының жағымсыз реакциялар мониторингіне қатыстырылуы төмен күйде қалады. Осыған байланысты, ДЗСҰО туындаған жағымсыз реакциялар туралы ақпаратпен пәрменді бөлісіп отыруға шақырады. Карта-хабарламаларды жолдау қолайлы болу үшін, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерден тыс (WhatsApp, Telegram және т.б.), медициналық ұйымдар мен тіркеу куәліктерінің ұстаушылары үшін ДЗСҰО www.ndda.kz ресми сайтына онлайн-режимде карта-хабарламалар жолдау үшін логиндер мен құпиясөздер беріледі. Карта-хабарламаларды сапалы толтыру бойынша кеңестер, түсіндірулер, онлайн-оқулар жүргізіледі.

Реакциялар туралы хабарламалар саны жеткілікті болса, қажет болған жағдайда өте нақты және тиімді шаралар қабылдауға мүмкіндік беретінін еске саламыз. Мысалы, медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа қосымша ақпарат енгізіледі, мамандар мен пациенттерге арналған білім беру материалдары жаңартылады, әрі өнім қауіпсіздігі бойынша инспекциялар мен қосымша зерттеулер жүргізіледі, сондай-ақ медициналық өнімнің қауіпсіз пайдаланылуын арттыруға бағытталған басқа шаралар қабылданады. Бұдан бөлек, дәрілік препараттардың анықталған жағымсыз әсерлері жөніндегі жедел деректер Уппсала қаласындағы (Швеция) дәрілік заттардың жағымсыз әсерлерін мониторингтеу жөніндегі ДДСҰ халықаралық бағдарламасының орталығына ай сайын жолданады.

Осы әсерлер кешенді түрде Қазақстан нарығын және қазақстандық пациенттерді сапалы және қауіпсіз препараттармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сондықтан осы мәселеде медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің белсенділігі ерекше маңызды.


Соңғы жаңалықтар