+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Дәрігерлердің беделін халық көтереді – Қостанай тұрғыны

2020 жылғы 5 тамыз 20:41
Бөлісіңіз:
Дәрігерлердің беделін халық көтереді – Қостанай тұрғыны

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының тұрғыны Батырбек Бикенов қиын сәтте кәсіби шеберлігін көрсеткен жедел жәрдем қызметіне алғыс білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Батырбек Бикеновтің отбасы 22 шілде күні Қостанайдағы жедел жәрдем қызметіне жүгінген.

«Жұбайым сырқаттанып қалып, бірден «103» жедел нөміріне хабарластым. Үйімізге фельдшер мен медбике келіп, тиісті ем-дом шараларын жасады. Әйелімді емханаға алып барып, дер кезінде медициналық көмек көрсетті. Бұл ретте жедел жәрдем қызметінің асқан шеберлігіне тәнті болдым. Қазір екінің бірі дәрігерлерді сынауға дайын тұрады ғой. Неше түрлі оқиғалардың куәсі болып жүрміз. Бірақ, жан қиналғанда осы ақ халатты абзал жандар қасымыздан табылады. Осы сәтте облыс тұрғындарын барша медицина қызметкерлерін қолдауға, құрметтеуге шақырамын. Дәрігерлердің беделін халық көтереді. Ендеше, бірлігімізді көрсете берейік. Бізге көмекке келген фельдшер жігітке БАҚ арқылы алғысымды білдіргім келеді», - деді Батырбек Қашқынбайұлы агенттік тілшісіне.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі сол күні Батырбек Бикеновтің шаңырағына барған маманды іздеп тапты. Тез арада кәсіби шешім қабылдап, сырқаттанған жанға көмегін тигізген қалалық жедел жәрдем қызметінің фельдшері Юрий Петрушин болып шықты. Фельдшер агенттік тілшісімен телефон арқылы әңгімелескенде кезекті шақыртуына бара жатты.

«Біздің басты міндетіміз – қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесу. Бикеновтер шаңырағына да осы мүддені көздеп бардық. Қазір пациенттің жағдайы жақсы. Бастапқыда жедел медициналық шаралар қабылданды. Мұндай жұмысымыз жалғаса береді», - деп қысқа жауап берді фельдшер.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT