Дәрігерлер оттегін беруді тоқтатпақ болғанда бала комадан шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 13 жасар алабамалық баланың ата-анасы оның дене мүшелерін донорлыққа беру туралы құжаттарға қол қойып, дәрігерлер  бүлдіршіннің өмірді қолдау жүйесін өшірмек болғанда бала тіріліп кетті, деп хабарлайды Би-би-си.

Наурызда Трентон МакКинли ауыр бас сүйек-ми зақымын алады. Ол отырған автотіркеме аударылып, басына құлайды.

Дәрігерлер баланың ата-анасына оның ешқашан есін жимайтынын, ал оның дене мүшелері бес баланың өмірін құтқарып қалатынын мәлім етеді.

Трентон өмірді сүйемелдеу жүйесін өшіруге бір күн қалғанда, есін жинайды.

Қазір Трентон біртіндеп сауығып келеді.

Соңғы жаңалықтар