Дәрігер коронавирус пен пневмонияның біріккен статистикасына қатысты пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының директоры Сәния Абдрахманова Қазақстанда коронавирус бойынша біріккен статистикаға көшуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Статистиканың біріктіру шешімімен келісемін. Менің ойымша, бұл дұрыс қадам, себебі жаз айларында пневмонияға шалдыққандар көп тіркелді. Мұндай патология осы мерзімге тән емес. Көп жағдайда коронавирус инфекциясына тиесілі сипаттар байқалуда. Сондықтан аурудың екі түрін бір статистикаға біріктіру шешімі дұрыс болды деп санаймын», - дейді С. Абдрахманова.

Айта кетейік, 2020 жылдың 1 тамызынан бастап зертханада анықталған COVID-19 бен ПТР-тест нәтижесі таза, бірақ коронавирус инфекциясының клиникалық және эпидемиологиялық белгілері бар пневмониямен бірге есепке алынады.

Сонымен қатар , Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың жағдайларын тіркеу бойынша жаңа статистикасының артықшылықтарын атады.



Соңғы жаңалықтар