Дариға Назарбаева: Отандық өнімді жарнамалауға өнер жұлдыздарын тарту керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева қазақстандық жеңіл өнеркәсіп саласының өкілдерін өнім жарнамасына ерекше назар аударуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Сенатта еліміздегі жеңіл өнеркәсіп тақырыбына арналған парламенттік тыңдау өтіп, онда саладағы негізгі мәселелер қаралды.

Жеңіл өнеркәсіп саласы өнімдеріне лайықты жарнама жасау керектігіне тоқталған Сенат төрағасы, «Табысты компаниялар үнемі танымал әрі атақты адамдарды өздерінің өнімдерін насихаттауға тартады. Қазақстанда отандық өнердің, эстраданың және спорттың жұлдыздары баршылық», - деді.

Осы орайда, Д. Назарбаева тауарларды жарнамалау үшін танымал адамдарды ынтымақтастыққа шақыру керектігін атап өтті.

«Егер де Димаш Құдайберген тек отандық фабриканың аяқ киімімен сахнаға шықса, өте жақсы ғой. Сонымен қатар, отандық өндірушілердің киімдерін кисе, оңтайлы нәтиже болатыны анық. Мұнымен қоса, бізде осы саладағы спорттық өнімді жарнамалауға қауқарлы спортшыларида аз емес. Осы шараларға уақыт пен қаржы бөлу керек. Бұл тұрғыда өнер әрі спорт жұлдыздары өздерінің үлесін қосуға дайын деп ойлаймын», - деді Дариға Назарбаева.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Дариға Назарбаева жеңіл өнеркәсіптің әлеуметтік маңыздылығы туралы айтты.

Өз кезегінде сенатор Манап Көбенов отандық жеңіл өнеркәсіп саласына котрафактілік өнімнің келтіріп отырған шығыны туралы айтты.



Соңғы жаңалықтар