+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Дариға Назарбаева: Электр энергетикасын басқарудағы қателіктер әр отбасына шығын болып отыр

2020 жылғы 19 ақпан 19:03
Бөлісіңіз:
Дариға Назарбаева: Электр энергетикасын басқарудағы қателіктер әр отбасына шығын болып отыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева электр энергетикасы саласының жұмысы мен халықты электрмен үздіксіз қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыс кездесуін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметі сілтеме жасап.

Кездесуге Сенат депутаттары, Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері, сондай-ақ «KEGOC», «Самұрық-Энерго» және «Астана АЭК» акционерлік қоғамдарының басшылары қатысты.

Дариға Назарбаева кездесудің маңызына тоқтала келіп, өткен жылдың қараша айында Нұр-Сұлтан қаласында электр энергиясы бірнеше мәрте өшіп қалғанын еске салды.

«Қаланың бір бөлігі электр жарығынсыз қалды, оның себебін білу әрі түсіну үшін мемлекеттік уәкілетті органдарды тыңдағымыз келеді. Сол жағалаудың коммуникациялары мен инфрақұрылымы жақында салынған, оларды көнерді немесе апатты жағдайда деп айтуға болмайды», - деді ол.

«Астана АЭК» Басқарма төрағасы Серік Балқышев баяндамасында тұтынушыларды электрмен жабдықтаудағы ұзақ үзілістерге душар еткен ақауларға мониторинг нәтижелері иесіз желілер мен қосалқы трансформаторлық стансалар негізгі себеп екенін айтты.

«Астана АЭК» басшысының ақпараты бойынша, құрылыс компаниялары көп пәтерлі тұрғын үй кешендерін пайдалануға бергеннен кейін үй ішіндегі инженерлік коммуникацияларды қызмет көрсететін компанияларға тапсырады.

«Сыртқы электр желілері иесіз қалады, оларға тиісті қызмет көрсетілмейді әрі күзетілмейді, соның нәтижесінде қосалқы стансалардың жабдықтары бұзылады әрі істен шығады. Мұндай желілердегі апаттар тұрғын үй кешендеріне электр беруде үзілістерге душар етеді, ол тіршілікті қамтамасыз ету жүйелеріне, әсіресе жылыту кезеңінде өте қолайсыз әсер етеді. Қазіргі уақытта сыртқы инженерлік желілерді мамандандырылған қызмет көрсететін ұйымдарға беру мәселесі нормативтік-құқықтық актілермен реттелмей келеді», - деді ол.

Сенат депутаттары талқыға белсенді қатысты. Сенатор Серік Жақсыбеков техникалық шарттарды беру рәсімдері мен салалық ережеде бір желіде апатты жағдай болғанда басқа желіге ауыстыру шараларының болуы туралы сұрақ қойды.

Дариға Назарбаева талқылау барысында иесіз жаңа желілердің пайда болуының алдын алу мәселесіне ерекше назар аударды.

«Қазір бұл басты міндет, әйтпесе ол жұмыс ешқашан аяқталмайды. Кәсіпкерлік кодексті қарауға аса мұқият оралуымыз керек, өйткені біз қандай мәселелерді қарастырсақ та, бақылаудың жоқтығы проблемасына ұдайы тап боламыз, тиісінше мемлекет сапаға жауап бере алмай отыр. Жалпы алғанда, технологиялық тізбектің бәрі тиімсіз болып шығады, ол кез келген уақытта адамдардың денсаулығы мен өміріне зиян келтіруі мүмкін», - деп атап өтті Д.Назарбаева.

Саладағы жағдайға депутат Мұхтар Құл-Мұхаммед те түсініктеме берді. «Аймақтарда жұмыс істегендер бұл мәселелердің қалай пайда болғанын жақсы біледі. Инвестор келеді де бүкіл аймақтық желіні меншікке сатып алады, әйтсе де оған ақша салуға өзінің мүмкіндігі болмайды, әкімдіктердің де қолынан келмейді, өйткені олардың меншігі емес, осындай жағдайда иесіз желілер пайда болады», - деді М.Құл-Мұхаммед.

Д.Назарбаева өз кезегінде электр энергетикасы саласын әкімшілендірудегі сапаның төмендігіне назар аударды. «Бақылау жоқ, кәсіпорын заң мен нормативтік-құқықтық актілерді адал орындауы үшін мониторинг жасау керек. Реттеу құрамы да жоқ. Шығындар бәріміздің қалтамыздан төленеді, есеп-шот келген кезде ойланбастан төлей саламыз. Әр үй, әр отбасы осы есеп-шоттарды төлеп келеді. Инвестициялық тарифтерді көтеруге де келісіп отырмыз, дегенмен инвестицияларға жүйелі бақылау да, олардың қайтымы мен тиімділігі де жоқ», - деп атап өтті Д.Назарбаева.

Сенат басшысы сонымен қатар біздің еліміздегі көмір мен газды пайдалану мәселесін де көтерді. «Біздің маңызды сауалымыз – көмір шахталары не болады? Мемлекет қазіргі кезде экспортқа шығатын газдан жақсы дивидендтер тауып отыр. Ішкі нарықта пайдалану кезінде көмір мен газ арасында тепе-теңдік болуы тиіс және көмірге негізделген энергетика экологиялық таза болуы әрі қарай да пайда әкелуі, ал көмір шахталарындағы жұмысшылар жұмысын жоғалтпауы үшін көмір бар жерде қазіргі заманғы жаңа технологияларды енгізу қажет. Бұл үлкен мәселе, бірақ ол еш жерде көтерілмей келеді», - деді Д.Назарбаева.

Сенат төрағасы кездесуді қорытындылай келіп, айтылған барлық ұсыныстардың жинақталатынын және олар бойынша үнемі жұмыс жүргізілетінін атап өтті.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Сенат, Энергетика,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT