+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Дариға Назарбаева: «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы шұғыл түрде қайта қарауды талап етеді

2020 жылғы 9 сәуір 12:04
Бөлісіңіз:
Дариға Назарбаева: «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы шұғыл түрде қайта қарауды талап етеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева төтенше жағдай кезінде Мемлекет басшысының шағын және орта бизнесті қолдау бойынша тапсырмаларынң бәрін нақты әрі тиімді түрде жүзеге асыру маңызды екенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өкінішке қарай сол міндеттердің жергілікті жерде орындалуы – өте көп сұрақты туындатып жатыр. Қазір сондай жағдайлар мен бюрократиялық формализм бәрінің аузында жүр. Олардың бәрі өз бағасын ала жатар. Әсіресе цифрландыруға ерекше тоқтала кеткім келеді. Нағыз сын кезінде мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен электронды қызметтерде проблемалар қордаланып тұрғаны көрінді. Бұл дегеніңіз дағдарыс бетін ашып тастаған проблемаларды ескере отырып «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы шұғыл түрде қайта қарауды талап ететінін білдіреді», - деді Дариға Назарбаева онлайн режімдегі Сенат отырысында.

Сенат төрағасы бұл мәселені депутаттар бірнеше мәрте көтергенін, бюрократияның цифрландыру ісіне мүдделі еместігін айтқанын еске салды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT