Данияр Есин: Жолдау - мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын көрсетумен маңызды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы халықты жұмыспен қамту және табысын сақтау ең негізгі басымдық ретінде айқындап берді. Бұл туралы «Рухани жаңғыру» Қазақстанның қоғамдық даму иститутының басқарма төрағасы Данияр Есин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы халық үшін өзекті уақытта жарияланды. Пандемиядан кейін қоғамның құндылықтары, халықтың мемлекеттік басқаруға қатысты көзқарасы өзгергені айқындалды. Бұл жылғы Жолдаудың өзектілігі пандемия жағдайында ел дамуының контрларын айқындау мен мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын көрсетуімен маңызды болып отыр», - деді ол Президент Жолдауын сарапшылық талқылауға арналған жиын барысында.

Оның атап өтуінше, ұсынылған бастамалар ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің базалық факторларының біріне айналып, қазақстандықтардың жаңа келбетінің қалыптасына септігін тигізеді. Президент Жолдауының маңызды аспектісі әлеуметтік бағыттың сақталуы саналады және бұл бағытта бірқатар реформа ұсынылып отыр. Мемлекет басшысы халықты жұмыспен қамту және табысын сақтау ең негізгі басымдық ретінде айқындап берді. Ал бұл азаматтардың әл-ауқатын білдіреді.

«Президенттің халыққа Жолдауы біздің институттың қоғам санасын жаңғырту жолындағы жұмысына жаңа серпін береді деп ойлаймыз. Жолдау экономиканы, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіріп, оған үлкен серпін береді деп есептейміз. Білім, тәрибе, әлеуметтік жұмыс және медициналық қызмет жаңа форматқа көшіріліп, бұл салалар табысы төмен халықтың қажеттілігіне бағытталады», - деді Данияр Есин.


Соңғы жаңалықтар