Данияр Елеусіновтің кезекті кездесуі Нью-Йоркте өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің (7-0, 3 КО), келесі жекпе-жегінің ресми анонсы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Twitter желісіндегі аккаунтында Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы мәлім етті.

Айқас 13 қыркүйек күні Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден»-де өтеді. Елеусіновтің бұл жолғы қарсыласы - 34 жастағы америкалық боксшы Решард Хикс(12-0-1, 6 КО). Жекпе-жек он раунд форматында өтеді.

Девин Хэйни (22-0, 14 КО) мен ресейлік Заур Абдуллаевтың (11-0, 7 КО) кездесуі кештің басты оқиғасы атанады.

Еске салайық, 25 мамырда өткен соңғы жекпе-жегінде Елеусінов төрешілердің шешімімен чилилік Лус Норамбуэнаны (3-4-1, 0 КО) жеңген еді.

Соңғы жаңалықтар