Данияр Елеусінов сәуір айында жекпе-жек өткізбек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтың (10-0, 6 КО) промоутері Эдди Хирн клиентінің қашан рингке оралатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.

«Данияр осыған дейінгі жекпе-жегінде Индонгомен жақсы айқасып, жеңіске жетті. Ол дайын (үлкен жекпе-жектерге). Бұл жігіт 147 фунтта шығып жүрген кез келген боксшы үшін үлкен мәселеге айналады. Қазірдің өзінде үлкен қадамдар жасап жатқанын өздеріңіз де көріп тұрсыздар. Ол сәуірде рингке оралады», - деді Хирн.

Әзірге Елеусіновтың қарсыласы белгісіз.

Еске сала кетсек, қарашада Данияр екінші раундта намибиялық боксшы Джулиус Индонгоны (23-3, 12 КО) нокаутқа түсіріп, IBF Inter-Continental нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атағын жеңіп алды.


Соңғы жаңалықтар