Данияр Биғайдаров параны кімдер көп беретінін айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көп жағдайда пара берушілер қатарын жеке компаниялардың өкілдері бастап тұрады. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, әлеуметтік жауапкершіліктің және сыбайлас жемқорлықтың салдарынан қоғамда болып жатқан зардаптардың жүгі ауыр. Оның зардабы тек жемқордың өзіне тиіп қоймай, сонымен бірге оның ұрпағына, жақын туыстарына да қара күйе болып жағылады.

«Талдау көрсеткендей, көп жағдайда пара берушілер қатарын жеке компаниялардың өкілдері бастап тұрады. Олар лауазымды тұлғаларды параға сатып алу арқылы кәсіпкерлік қызметті қолайлы іске асыру (кедендік рәсімдерді жеңілдету және жеделдету, лицензиялар, сертификаттар, рұқсаттар алу және т.б.), орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қою, мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша ақша аудару мәселелерін шешеді. Кәсіпкерлерге пара берер алдында ойлану керектігін еске салып, ескерткім келеді. Соның салдарынан олар белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан, лицензиялардан, сертификаттардан, рұқсаттардан айырылуы және Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілуі мүмкін», - деді Данияр Биғайдаров.

Мұндай жағдайда бизнесмендер табыс көзінен айырылып қана қоймай, қызметкерлерін жұмыссыз қалдырады.

«Халықаралық тәжірибеде заңнамалық деңгейде бекітілген бизнесті жүргізудің арнайы стандарттары мен этикасы қолданылады. Егер олар орындалмаса, арам қолды кәсіпкерлерге түрлі санкциялар қолданылады. Пара беру сияқты қылмыс құрамының қоғамдық қауіптілігін пара алумен салыстыруға болатындығын атап өткен жөн. Яғни, «пара беруші де, пара алушы да – қылмыскер екені хақ». Сондықтан мұндай адамдардың іс-әрекеттері пара алушының іс-әрекетінен кем емес қоғамдық қауіпке ие», - деді агенттік өкілі.

Соңғы жаңалықтар