Данияр Ақышев сақтандыру саласын цифрландыру туралы айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышев Алматыда өтіп жатқан онлайн-конференция барысында қазақстандықтар сақтандыру келісімшарттарын онлайн режімде жасай алатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заң бойынша қазір сақтандыру компаниялары интернет арқылы қызмет көрсете алмайды. Қатаң нормалар бар. Жағдайға талдау жасай келе заң нормаларына өзгеріс енгізу туралы заң жобасын Праламентке ұсындық. Қазір заң шығару органы құжатты қарап жатыр. Жаңа жоба бойынша онлайн сақтандыру жүргізе аламыз. Халықтың басым бөлігі интернетке қосылған. Заң жобасы қабылданған жағдайда клиенттер міндетті сақтандыру бойынша келісімшартты онлайн режімде жасай алатын болады», - деді ол.

Оның айтуынша, адамдар сақтандыру компаниясының кеңсесіне барып уақытын жоғалтып жатпайды.

Әлемде сақтандыру қызметінің 40%-ы онлайн-арналар арқылы жүзеге асады.

Айта кету керек, ҚР Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышев Алматыда өтіп жатқан онлайн-конференция барысында азаматтардың сұрақтарына жауап беріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар