+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Даниал Ахметов ШҚО-ның карантинге әзірлігін тексерді

2020 жылғы 26 наурыз 12:35
Бөлісіңіз:
Даниал Ахметов ШҚО-ның карантинге әзірлігін тексерді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов пен облыстық Полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев құзырлы органдардың карантинге дайындығын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Үштөбеде мұғалім коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан Ақмола облысында наурыздың 31-і күні карантиндік шектеу енгізіледі Елорданы залалсыздандыруға күн сайын 450 мың адам жұмылдырылады - Бақтияр Мәкен

Оқу-жаттығу кезінде Өскемен және Семей қалаларының кіре берісіне блокбекет орнатылды. Шараға полиция қызметкерлері, әскерилер, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары қатысқан.

«Өңірде карантин енгізілген жағдайда елді мекендерге кірер және шығар жерлерде блокбекеттер қойылып, онда осы органдардың қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істейтін болады. Мұндай шаралар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, вирустық инфекцияның таралуын тежейді. Көлік жүргізушілері мен жолаушыларға карантин кезіндегі тұрғындардың міндеттері туралы түсіндіру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.


Оқу-жаттығу кезінде жол-патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушілердің құжаттарын планшетпен электрондық база арқылы қалай тексеретінін көрсетті. Сондай-ақ Өскемен мен Семей қалаларының Полиция басқармалары жекелеген аумақта карантин режимін енгізудегі дайындықтарын пысықтады.

«Шараның мақсаты – жауапты орган қызметкерлеріінің және құрал-жабдықтардың әзірлігін тексеру. Карантин енгізілетін жағдайға халыққа қажеттінің бәрі бар: жеке гигиена құралдары, палаткалар, турникеттер және қажет болған жағдайда басқа да арнайы құралдар дайын», - дейді департамент бастығы Сағат Мәдиев.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT