Даниал Ахметов Семейдегі аяқ киім фабрикасына сапаны арттыруды тапсырды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семей қаласындағы аяқ киім фабрикасының жұмысымен танысты. Бұл жайлы аймақ басшысы Facebook-тегі өз парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жаңа оқу жылынан бастап аз қамтылған және көпбалалы отбасыдан шыққан оқушыларды мектеп формасымен қатар, аяқ киіммен де қамтамасыз етеміз. Осы мақсатта бюджеттен 440 миллион теңге қарастырылған. Оларды Семейдегі фабрикада, отандық өндірушіден алғымыз келген еді. Алайда, өкінішке қарай, өнім сапасы көңілден шықпады. Сондықтан, анағұрлым сапалы әрі заманауи аяқ киім үлгісін жасауға бір ай уақыт бердім», - дейді Даниал Ахметов.

Сонымен қатар әкім Қарағайлы шағынауданындағы құрылыс жұмыстарын тексерді. Мұнда биыл 25 көпқабатты тұрғын үй бой көтермек. Бұдан бөлек, тағы 92 үйдің құрылысына арналған жобалық-сметалық құжаттама жасалуда. Осылайша, алдағы уақытта бұл ауданда 60 мың адам қоныс тойын атап өтеді.


Соңғы жаңалықтар