Даниал Ахметов Өскеменнің қоғамдық көліктеріне рейд жүргізді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Өскеменнің қоғамдық көліктерінде жүргізіліп жатқан дезинфекциялау шараларын көріп қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Рейд барысында аймақ басшысы қалалық автобекет, трамвай паркі және «Воска» ЖШС-ның жұмысымен танысты. Бүгінде қоғамдық көліктерде зарарсыздандыруға қажетті барлық құрал-жабдықтар жеткілікті.

«Осындай шаралар тек автобустарда емес, автобекет ғимаратында, дәретханалар мен асханаларда жүргізілуде. Дезинфекциялауды лицензиясы бар компания жүргізеді. Сондай-ақ бізде құрамында дәрігер-эпидемиолог бар медициналық бригада құрылған», - дейді «Өскемен автобекеті» ЖШС директоры Алмаз Бейсенғазин.

Ал қала ішінде қатынайтын қоғамдық көліктер күніне үш рет зарарсыздандырылуда. Трамвайларға да тәулігіне бірнеше мәрте дезинфекция жүргізіледі. Облыс әкімі атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.

«Өңір халқын сабырлы болуға шақырамын. Жуықта ғана бірнеше рет қолданылатын медициналық маска шығаруды қолға алдық. Алдағы уақытта оны барлық дәріханалардан сатып алуға болады», - деді Даниал Ахметов рейд соңында.


Соңғы жаңалықтар