+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Даниал Ахметов: Өскеменнің экологиялық мәселесін шешу үшін арнайы бағдарлама әзірленді

2019 жылғы 22 қараша 16:54
Бөлісіңіз:
Даниал Ахметов: Өскеменнің экологиялық мәселесін шешу үшін арнайы бағдарлама әзірленді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының әкімінің айтуынша, экологиялық мәселені шешу үшін арнайы бағдарлама әзірленген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтан мен Шымкент тұрғындарына жағымсыз метеорологиялық жағдай ескертілді Бүгін Мадридте БҰҰ-ның климат жөніндегі 25 конференциясы басталады 2 желтоқсанда бес қалада ауа сапасы нашарлайды

«Біздің проблемаларымыздың бірқатары – ескі технологияларға байланысты. Ешкімді қорғап отырған жоқпын. Шынымды айтайын: расында да, біздің зауыттардағы технологиялық процесстер үздік болған жоқ. Сол себепті, олардың салдарын көріп отырмыз. Екіншіден, ол технологияларды өзгертуге бола ма? Әбден болады. Ол мәселемен айналысып жатырмыз. Қасым-Жомарт Кемелұлының (Тоқаев - авт) тапсырмасымен арнайы бағдарлама әзірленді. Ол қазіргі уақытта Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қарауында жатыр», - деді Даниал Ахметов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Аймақ басшысының айтуына қарағанда, соңғы 5 жылда экологиялық процестерді дамытуға 27 млрд теңге аударылған.

«Оның 12 млрд теңгесін Қазмырыш, 4,1 млрд теңгесін Көмір-электр стансалары беріп отыр. Неге қол жеткіздік? Соңғы 5 жылда ауаға шығарылатын қалдық көрсеткішін азайттық. Мен жоғарыда атаған бағдарлама теңдессіз саналады. Әзірге алға шығып, ол туралы кеңірек айтпай тұра тұрайын. Министрліктің сараптамасы келгеннен кейін толыққанды жауабын беремін», - деді ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT