Даниал Ахметов мониторингтік топтардың тиімсіз жұмысы туралы айтты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында мобильді топтарға рейдтік шараларды күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирустың екінші толқынына дайындық шаралары бойынша қалалар мен аудандардың әкімдерімен жиналыс өткіздім. Ең алдымен мониторингтік топтардың тиімсіз жұмысы туралы айтқым келеді. Олар жүргізген тексерулер формальды сипатқа ие. Мәселен 3970 тексеру жүргізіліп, 225 хаттама толтырылған. Сондықтан ШҚО Полиция департаменті бұл жұмысты күшейтуі қажет. Бір апта ішінде әкімдер мен бас дәрігерлер өз ауруханаларын қажетті жабдықтармен және препараттармен жабдықтау жағдайы туралы жеке-жеке баяндайды. Науқастарды КТ-дан өткізу үшін, әсіресе, ауылдық жердегі азаматтарды жеткізу кестесін пысықтауды тапсырдым», - деп жазды Даниал Ахметов Facebook желісіндегі парақшасында .

Оның айтуынша, жақын арада медициналық қызметкерлерге КВИ-дің күрделі жағдайлары мен емдеудің қадамдық кезеңдерін егжей-тегжейлі қарастыратын семинар ұйымдастырылады.

«Cондай-ақ оқшаулау орталығының 112 тергеу тобын құру туралы өкімге қол қойдым. Бұл топтардың мақсаты - науқастар мен байланыста болған азаматтарды іздеу және оқшаулау. Қажет болған жағдайда локализация орталығы топтарының жұмысына дәрігерлердің мобильді бригадаларын қосымыз. Олар өз жұмыстарының тиімділігін көрсетті», - деді аймақ басшысы.


Соңғы жаңалықтар