Данэлия Төлешова соғыс ардагерлеріне ән арнады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық жас өнерпаз Данэлия Төлешова Юлия Першутаның «Мамыр айы» әнінің кавер нұсқасын орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

PR-директор Татьяна Синенконың айтуынша, жас әнші әнін Жеңістің 75- жылдығына арнады.

«Біз бұл композицияны отбасымызбен таңдадық. Соғыстың сұрапыл жылдарын көрген адамдардың жүрегіне жол табатын ән іздедік. Мен бұл әнді өзімнің арғы аталарым Сатымбек Төлешов пен Каден Назаралиевтің рухына арнаймын», - деді әнші.


Сатымбек Төлешов Қызыл Жұлдыз орденімен, Польша, Чехословакия медальдарымен, Отан соғысы ордендерімен, Польшаның жоғары мәртебелі Вертуты Милитари орденінің кавалері атағымен марапатталған.

Ал әншінің нағашы атасы Каден Назаралиев тыл ардагері болған. Құрмет орденімен, Отан соғысы медалімен марапатталған.

«Барлық қазақстандықтарға ашық аспан, бейбіт өмір тілегім келеді», - деді әнші.


Соңғы жаңалықтар