Данелия Төлешова America’s Got Talent шоуынан соң немен айналысатынын айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Данелия Төлешованың PR-директоры Татьяна Синенко әншінің America’s Got Talent шоуынан кейінгі жоспары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Данелия Төлешова жобаның финалында дауыс саны жетпей, жүлдегер бола алмады. Алтын түймені спичрайтер Брендан Лейк жеңіп алды.

Айта кету керек, финал Американың Лос Анжелес қаласында өтті.

Финалда 14 жасар қазақстандық жас дарын Sia атты танымал әншінің «Alive» әнін шырқады.

Бүгін ол конкурстан тыс америкалық әнші Эйва Макспен бірге дуэт орындады (Ava Max).

«Мен алтын түймені біреуге берер болсам, Данелияға берер едім»,- деді финалда София Вергара.

«Осы желіде жеңімпаз атанып миллионды жеңіп алсаң не істейсің деген сұрақтар көп болды. Мен жеңіс туралы ойламаппын. Адамдар ондай ақшаны не істейтінін елестетіп те көрмеппін. America’s Got Talent маған үлкен сабақ болды. Осы шоуда адам еңбектенсе, көп жетістікке жете алатынын түсіндім. Жарты жыл тынымсыз дайындықтың жемісін көріп жатырмын. Жолымда арманына ұмтылған қаншама еңбекқор адамдар кездесті. Шоуға қатысқан әр азаматқа сәттілік тілеймін. Қазылар алқасына әр бағасы үшін алғыс айтамын. Әр пікір білдірген адамға ризамын», - деді Данелия.

Әншінің айтуынша, финал ол үшін ең ауыр сәт болған. Екі-ақ күнде күрделі композицияны дайындау керек болды.

«Шаршағаным сонша, бір уақытта даусым шықпай қалды. Қысқа уақытта күрделі композицияны дайындап шықтым. Осы ән менің барлық мүмкіндігімді көрсетті. Шығармашылық жоспар туралы айту қиын. Үйге оралып мен де, командам да бір апта демалуы керек. Қашықтан оқып жатқан сабағымды жалғастырамын», - деді Данелия.



Соңғы жаңалықтар