Дәленов Қазақстанның ең көп инвестиция салынып жатқан өңірін атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Қазақстанның ең көп инвестиция салынып жатқан облысын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылғы қаңтар-ақпан айларында экономикаға 1,5 трлн теңге инвестицияланды. Салынған инвестициялардың жартысы Атырау облысына тиесілі», - деді Руслан Дәленов Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша өңірлер бұған дейін қол қойылған меморандумдарға сәйкес ірі инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингін күшейтуі қажет.

«Өңдеу секторында 9,4 пайыздық деңгейде өсімге қол жеткізілді. 5 өңірде орташа республикалық деңгейден жоғары өсім байқалады. 12 өңірде орташа республикалық деңгейден төмен өсім тіркелді. Оның ішінде 1 өңір бойынша төмендеу байқалады», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар