+7 (701) 759 90 19
USD 412.10 EUR 454.34
RUB 5.82 CNY 57.62
Jańalyqtar

Дәкеден маска тігу ұят емес, маска тапшылығы бүкіл әлемде бар - министр

2020 жылғы 30 наурыз 22:33
Бөлісіңіз:
Дәкеден маска тігу ұят емес, маска тапшылығы бүкіл әлемде бар - министр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бізге 45 миллионға жуық маска қажет. Бұл туралы елдегі коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдай жайлы онлайн брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл басында елімізде күнделікті 200 мың маска тігіп, өзіміз пайдаланатынбыз. Масканың 80% өз елімізде тігіледі. Ал арнайы масканы шетелден аламыз. Эпидемияның алдында біздің мемлекеттегі фармацевтикалық зауыттар күнделікті 200 мың, айына 6 миллион дана маска шығаратын және ол жеткілікті болатын» , - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Ол ақпан айында эпидемия басталғалы аталған зауыттардың мүмкіндігін кеңейту жұмыстары жүргізілгенін айтты.

«Өкінішке қарай, ол оңай болған жоқ. Шикізаттың көбі Қытайдан алдырылатын, ал Қытай экспортты тоқтатты. Басқа да мемлекеттердің мүмкіндігін, өзіміздің елдегі мүмкіндікті қарастырып, күніне 1 миллион дана түрлі маска тігілуде. Бір айда елімізде 30 миллион маска тігіліп, қажетті медициналық мекеме, дәріханаларға таратылды. Шынын айту керек, медициналық маска қажеттілігі әлі бар. Бізге 45 миллионға жуық маска керек болып тұр, демек маска тапшылығы бар. Маска тапшылығын жою үшін мемлекет тарапынан маска экспорттау тоқтатылды. Екіншіден, маска мемлекеттік комиссияның шешімімен таратылады. Алдымен медициналық мекемелерге таратылады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, кейбір қажетті топтарға тегін беріледі. Бұл жұмыстар Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында басталып кетті. Маскаға қатысты жағдай дүние жүзінде бар, себебі бұған ешкім дайын болған жоқ. Кейбір адам дәкеден маска тігу ұят екенін айтады. Ол ұялатын жағдай емес, себебі Қазақстанда ғана емес, басқа да мемлекеттерде әскери, медициналық қызметкерлер, түрмеде отырған азаматтар, әртістер бізді қолдап, маска тігіп жатыр. Өткен ғасырда ата-бабаларымыз дәкеден жасалған маска арқылы бұдан да қауіпті эпидемияларды тоқтатқан. Дүние жүзінде осындай қиын жағдай болған кезде барлық мүмкіндіктерді пайдалануымыз керек. Қажет болса осындай марліден көп рет пайдалануға болатын маска тігіп, пайдаланамыз. Мақсат – инфекцияны тоқтату» - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT