Дағыстан тұрғыны Атыраудан сұйытылған газды заңсыз шығармақ болған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудан жергілікті нарыққа арналған сұйытылған газды Ресей Федерациясына алып өтпек болған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

«Қазақстанның Ресей Федерациясымен шекарасындағы «Құрманғазы» өткізу бекетінде 29 тонна сұйытылған газды жалған құжатпен заңсыз алып өтпек болған Дағыстан тұрғыны ұсталды. Алдын ала ақпарат бойынша, ұсталушы газды Жылыой ауданындағы компаниялардың бірінен алған», - деп хабарлады Атырау облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің баспасөз қызметінен.

Ресейге заңсыз алып өтпек болған газ осы өңірде сатуға арналған. Дағыстан тұрғыны ұсталды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар