+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

Дағдарыстан бірінші болып дамыған елдер шыға бастайды

2020 жылғы 29 қазан 11:27
Бөлісіңіз:
Дағдарыстан бірінші болып дамыған елдер шыға бастайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов республикалық бюджет өлшемдерін нақтылау аясында ақша-несие саясаты көрсеткіштерінің болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде әлемдік экономика белгісіздік әрі сыртқы күйзелістер әсерінің ықпалында дамып жатыр. Аталған болжамдар осы жағдайды ескере отырып дайындалған.

«Біріншіден, коронавирус пандемиясының таралуы орта мерзімді перспективада әлемдік экономикаға әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып отыр. Екіншіден, пандемияға байланысты ахуалдың нашарлау тәуекелдерімен қоса АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қарама-қайшылықтары, Ресейге қатысты санкциялық риториканың күшеюі және басқа да геосаяси факторлар әлемдік экономикаға қосымша қысым жасайды. Үшіншіден, әлемдік қаржы және тауар нарықтарының, әлемдік экономиканың қарқыны баяулауға қатысты қауіптенудің өсуі аясында мұнай нарығының құбылмалығы. АҚШ-тағы президенттік сайлау және АҚШ тарапынан ынталандыру шаралары пакетінің мөлшері де сыртқы нарықтар үшін маңызды тәуекел-факторларының бірі болып қалуда», - деді Баймағамбетов.

Осы факторларды ескере отырып, халықаралық ұйымдар өз болжамдарын қайта қарады. Биылғы 13 қазанда Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) 2020 жылы ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) күтілетін төмендеуін 4,9 пайыздан 4,4 пайызға дейін 50 базистік тармаққа қайта қарады. Дамыған елдер тобы бойынша 2020 жылға арналған болжам минус 8 пайыздан минус 5,8 пайызға дейін жақсарған. Ал Қазақстан кіретін дамушы елдер бойынша бұл көрсеткіш минус 3 пайыздан минус 3,3 пайызға дейін өзгерді.

«Әлемдік экономиканың 2021 жылдан бастап қалпына келуі күтіледі, ал дағдарыстан бірінші болып дамыған елдер шыға бастайды. Төмен база аясында әлемдік экономиканың өсуі 2021 жылы 5,2 пайызға жетіп, орта мерзімді перспективада 3,5 пайызға дейін біртіндеп баяулайды. Осы жағдайларда ағымдағы жылы Үкімет ІЖӨ-нің 2,1 пайызға қысқаруын күтуде, бұл минус 2-ден минус 2,3 пайыз деңгейіндегі Ұлттық банктің жаңартылған болжамына сәйкес келеді», - деді ҰБ өкілі.

ІЖӨ бойынша жаңартылған деректерді және нарықтағы қазіргі жағдайды ескере отырып, ақша-кредит саясаты мен төлем балансы көрсеткіштерінің болжамы нақтыланды.

«Қыркүйекте қатарынан екі ай бойы инфляцияның 7 пайыздық деңгейде тұрақтанғаны байқалады. Азық-түлік инфляциясы негізгі үлес қосуын жалғастыруда. Ол алдыңғы аймен салыстырғанда 0,1 пайызға төмендеп, биылғы қыркүйекте 10,8 пайызды құрады. Азық-түлік инфляциясы құрылымында ет және нан-тоқаш өнімдері нарықтарында баға өсуінің жылдық қарқыны баяулағаны байқалды. Маңызды импорттық құрамы бар тауарлар тобының бағасы өскені байқалады», - деді Ақылжан Баймағамбетов

Азық-түлікке жатпайтын инфляция карантин шараларына және сауда объектілерінің жұмысын шектеуге байланысты тұтынушылық сұраныс төмендеуі аясында 5,5 пайыз болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT