COVID-19 жұқтыру қаупін профилактика және вакцина жүргізу арқылы азайтуға болады - алматылық профессор

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметіне берген сұхбатында медицина ғылымдарының докторы, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының профессоры Күләш Құрманова әлемдегі күрделене түскен эпидемиялық ахуал аясында вакцинациялаудың маңыздылығы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

- Күләш Байсейхқызы, әлемдегі эпидемиологиялық жағдайды қалай бағалайсыз? Осы туралы айтып беріңізші.

- Әлемдегі эпидемиялық жағдай күрделі. Қазіргі таңда КВИ-ден 2 млн-нан астам адам қаза болды. Ұлыбританияда жаңа штамм пайда болды, ол әлдеқайда бәсеңдеу, дегенмен таралу қарқыны жоғары (COVID-19-ға қарағанда айналасындағыларға жиі жұғады).

- Алматыдағы жағдай қандай? Сіздің ойыңызша, төмен температура эпидемиялық жағдайға әсер етті ме?

- Алматы қаласындағы жағдай да күрделі. 21 қаңтарда бір тәуліктің өзінде ауруды жаңадан жұқтырған 115 адам тікелді. Қазіргідей төмен температурада, әрине, жоғарғы тыныс жолдарының жергілікті қорғаныс факторлары төмендегеннен кейін (шырышты қабаттарда секторлы иммуноглобулин IgA мөлшері азаяды, бұл қоздырғыштың эпителий жасушаларына жабысу мүмкіндігін тежейді және вирусты, лизоцимді жояды) респираторлық инфекциясы бар адамдардың жиі ауруға шалдығуына әкеледі. Жұқтырған адам жөтелгенде немесе түшкіргенде ұсақ бөлшектерді шығарғанда вирус адамнан адамға ауа тамшылары арқылы оғай беріледі. Эпидемияға қарсы шараларды жүргізу арқылы COVID-19 инфекциясының қаупін барынша азайтуға болады. COVID-19 алдын алу үшін жеке гигиена ережелерін сақтау қажет. Бір реттік бетпердені қолдану, дезинфекциялау шаралары, кем дегенде 1,5-2 метр әлеуметтік арақашықтықты сақтау. Иммундық профилактика қажет – бұл коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация.

- Тұмауға қарсы вакцинация қаншалықты маңызды? Әкім Бақытжан Сағынтаевтың тапсымасы бойынша қалада ЖРВИ мен тұмауға қарсы 430 мың доза вакцина сатып алынды, олар тиісті санатта,ы азаматтарға тегін жеткізілді. Сіздің ойыңызша, бұл эпидемиялық жағдайдың салыстырмалы тұрақтылығына әсер етуі мүмкін бе?

- Тұмауға және ЖРВИ-ға қарсы вакциналардың 430 мың дозасы ЖРВИ мен сырқаттанудың жалпы төмендеуіне әсер етті. Алайда вакцинацияланған денеде олар КВИ ақуыздарынан қорғайтын антиденелер түзбеген. Қарағандыда шығарылатын Sputnik V вакцинасы коронавирус инфекциясын азайтуға әсер етеді.

- Қазір Ұлбританияда коронавирустың жаңа түрі таралуда. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, өзгерген вирусты ғалымдар анықтаған және ол инфекцияның тез таралуымен байланысты болуы мүмкін. Вирустың мұндай мутациясы Қазақстанда болуы мүмкін бе?

- Ұлыбританияда анықталған корнавирустың жаңа түрі халық арасында тез таралып жатқанын БАҚ хабарлауда. Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы әуе қатынасы жағдайында COVID-19 жаңа штаммының таралуы ықтималдылығы сақталады. Мұндай мүмкіндікті болдырмау үшін біздің елге жолаушылар келген кезде әуежайда эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу қажет (ПТР тесті үшін мұрыннан жұғынды алу, дене температурасын өлшеу, карантинді сақтау). Құрамында РНҚ бар коронавирус өте өзгермелі сипатта болады. Әр түрлі факторлардың әсерінен коронавирус мутацияға ұшырауы мүмкін.

- Әлемде және біздің елімізде қазірдің өзінде COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізілуде. Жаппай вакцинация 1 ақпанда басталады. Сіз бұған қандай түсініктеме берер едіңіз?

- Ресей мен әлемнің бірнеше елдерінің тұрғындары коронавирусқа қарсы вакцинациядан өтіп жатыр. COVID-19-ға қарсы вакцина қанағаттанарлық түрде төзімді, егер вакцинация ережелері сақталса, жанама әсерлер өте сирек кездеседі. Біздің елдің тұрғындарына вакцинация қажет деп санаймын.

- Әңгімеңізге рахмет!


Соңғы жаңалықтар