+7 (701) 759 90 19
USD 413.12 EUR 452.86
RUB 5.82 CNY 57.92
Jańalyqtar

COVID-19: Нұр-Сұлтандағы госпитальдің қытайлық, өзбекстандық ауруханалардан айырмашылығы түсіндірілді

2020 жылғы 8 сәуір 16:01
Бөлісіңіз:
COVID-19: Нұр-Сұлтандағы госпитальдің қытайлық, өзбекстандық ауруханалардан айырмашылығы түсіндірілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - BI Group компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев Қазақстанда салынатын коронавирус науқастарын емдеуге арналған госпитальдің басты айырмашылықтарын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің аурухананың Қытайдағы госпитальден басты айырмашылығы - тұрақты стационар болуында. Қытай да эпидемияны толық бағамдап, бір айдан кейін ғана құрылысты бастап еді. Себебі олар қанша орын қажет болатынын есептеді. Олар да модульдік госпитальді әкеп қойды», - деді Айдын Рахымбаев құрылыс маңында тілшілерге берген сұхбатында.

Өзбекстандағы аурухана құрылысында ауа райы да маңызды рөл атқарған.

«Қазір Ташкентте күн жылы. Сондықтан оларға стационар салу қажет болмады, шатырлық-контейнерлік қалашық тұрғызды. Бірақ, біздің міндетіміз басқа. Уақытша аурухана тұрғызып, қайтадан бұзу тиімсіз. Сондықтан Үкімет дұрыс шешім қабылдады. Бірден, стационарлық жұқпалы аурулар ауруханасы салынады», - деді А. Рахымбаев.

Еске сала кетсек, бүгін елордалық журналистер COVID-19 вирусын жұқтырғандарды жатқызуға арналған госпиталь құрылысымен танысты.

3 сәуірде ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Қазақстанның үш ірі қаласында жұқпалы аурулар ауруханаларын салуды ұйғарды. Оның құрылысына тез тұрғызылатын құрылымдар қолданылмақ .


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT