+7 (701) 759 90 19
USD 397.56 EUR 445.94
RUB 5.82 CNY 55.96
Jańalyqtar

COVID-19: Италиядан қандай сабақ алу керек  – Әлемдік баспасөзге шолу

2020 жылғы 5 сәуір 18:17
Бөлісіңіз:
COVID-19: Италиядан қандай сабақ алу керек  – Әлемдік баспасөзге шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА әдеттегідей назарларыңызға әлемдік баспасөзге шолуын ұсынады.

Эпидемия мен пандемияның тоқтауына не әсер етеді? – Reflex

Кез келген пандемия мен эпидемия белгілі бір уақытта аяқталады. COVID-19 да, деп жазады Reflex.

«Пандемия – бірнеше континентте болатын эпидемия. Адамзат тарихында пандемия да, эпидемия да көптеп кездесті. Қазіргі таңда әлем коронавирус кесірінен үйде отыр, далаға маскамен шығуға мәжбүр. Бұл шаралардың қашан аяқталатынын дөп басып айту қиын. Дегенмен, пандемия да, эпидемия да мәңгі жалғаса бермейді. 1918-1920 жылдары болған испан тұмауы ортағасырдағы обадан кейін адамзат ұшыраған ең үлкен пандемия. Бұл ауру Азия елдерінен тарап, адамға құстардан жұқты. Үш толқын жүрген вирус ондаған миллион адамның өмірін жалмап, бірнеше күн ішінде жоғалып кетті», - дей келе автор эпидемиялар мен пандемиялардың тоқтауына не әсер ететінін саралайды.

«Пандемияның тоқтауына әсер ететін бірінші фактор – эпидемиологияға қарсы шаралар. Вирусқа таратушы керек. Егер адамнан адамға таратуды болдырмасақ, вирустың таралуы бәсеңдеп, эпидемия тоқтайды. Екінші фактор – иммунді жүйені көтеру. Үшінші фактор – вирус генінің мутациясы. Пандемия мен эпидемяи тарихына көз салсақ, вирус ақыр соңында жоғалады. Жоғалмаған күннің өзінде, жеңіл ауруға айналады», - деп жазады басылым.

Америкада бір аптада 6,6 миллион адам жұмыссыз қалды – Bloomberg

Коронавирус Американың еңбек нарығына ауыр соққы болды. Өткен аптада 6,6 миллион америкалық азамат жұмысынан айырылды. Жұмыссыздар санының артуына коронавирус пандемиясы әсер етіп жатыр, деп жазады Bloomberg.

Басылымның жазуынша, бірнеше апта бұрын бір аптада 3,3 млн адам жұмыссыз қалып, бұл 1982 жылғы рекордты бұзған еді. Ол кезде бір аптада тек 698 мың адам жұмыссыз қалған.

Экономист Ральф Умлауфаның айтуынша, еңбек нарығындағы жағдайды апатты жағдай деп бағалауға болады. Сонымен қатар, оның айтуынша, эпидемия экономикалық және қоғамдық өмірді әлсіреткендіктен, енді АҚШ-ты дағдарыс күтіп тұр. Ал АҚШ-тың Еңбек министрлігінің мәліметі бойынша екі аптада 10 млн америкалық жұмыссыз қалған.

«Мен өмірімде мұндай сандарды көремін деп ойлаған жоқпын», дейді экономист Томас Костерг Блумберге берген сұхбатында. Оның айтуынша, АҚШ-та жұмыссыздық көрсеткіші 20 пайызға өсуі мүмкін.

Көптеген мемлекеттер маска мен тест экспортына тыйым сала бастады – The Guardian

Маска мен тесттердің дефицитінен қорыққан мемлекеттер қатаң шаралар қабылдай бастады, деп жазады The Guardian.

«Бразилияның денсаулық сақтау минстрі Луис Энрике Мандетта Қытайдан сатып алынуы тиіс маскалар мен қолғаптар туралы келіссөздер сәтсіз аяқталғанын айтты. Оның айтуынша, АҚШ Қытайға 23 жүк ұшағын жіберіп, материалдар алдыртпақ. Министр әлемде бұл тауарларға сұраныс артқанын, гиперсұраныс проблемасы пайда болғанын айтты», деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, пандемия өршіген сайын көптеген мемлекеттердің билігі медициналық қорғаныс құралдарының экспортына тыйым сала бастаған. Ал кейбір мемлекеттер шектеу енгізген.

«Түркия экспортқа тыйым салып қана қоймай, бұған дейін ақшасы төленіп қойған тауарларды да жібермеген. Сонымен қатар мемлекет билігі жергілікті компанияларға тек мемлекет үшін өнім өндіретіндерін айтқан. Ал масканы әлем бойынша ең көп өндіретін Қытай да шектеулер енгізе бастады. Дегенмен, бұл мемлекет Еуропаға миллиондаған маска сыйға тартқанын да айта кету керек», - деп жазады автор.

Мақалада автор бүкіл әлем бойынша коронавирусты анықтайтын тест пен дәрі-дәрмекке сұраныс артқанын жазады.

«Бірнеше мемлекет коронавирусты анықтайтын тесттерді өздері өндіруге кірісті. Ұн өндіретін ең ірі мемлекеттердің бірі – Қазақстан оның экспортына тыйым салды. Жалпы, азық-түліктің жаһандық деңгейде жетіспеушілігі болмайды деп күтілуде», - деп жазылған мақалада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: БАҚ, Әлем,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айкүміс Болатбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT