COVID-19: Гонконг тұрғыны желтоқсанда Қытайдың құрлық бөлігіне карантинге жатпай-ақ бара алады

Фото: None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайдың Сянган (Гонконг) Арнайы әкімшілік ауданының тұрғындары желтоқсанның басынан бастап міндетті карантиннен өтпей-ақ Қытайдың құрлықтағы бөлігіне кіре алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат SCMP басылымына сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, бірінші кезеңде құрлықтағы Қытайға карантинсіз кіруге арналған күнделікті квота бірнеше жүз адамға есептеледі, содан кейін ол бірнеше мыңға дейін артады. Бұл тестілеу және мониторинг жүйесін енгізуге байланысты болады.

Сянган АӘА әкімшілігі 2022 жылдан бастап Қытайдың құрлықтағы бөлігімен трансшекаралық сапарлар «кейбір бұқаралық іс-шараларды» ұйымдастыруға мүмкіндік беретін деңгейге жетеді деп үміттенеді.

Басылымның мәліметінше, Гонконг тұрғындары үшін 14 күндік карантин қажеттілігін болдырмайтын трансшекаралық сапарлар схемасы алдымен Гуандун провинциясымен басталады.


Авторы Руслан Сүлейменов



Соңғы жаңалықтар