+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

COVID-19: Еуропада жағдай күрделене түсті

2020 жылғы 6 тамыз 14:45
Бөлісіңіз:
COVID-19: Еуропада жағдай күрделене түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Франция денсаулық сақтау министрлігі елде ауру жұқтырған адамдардың соңғы 24 сағатта тіркелген санына байланысты «жұқтырудың бұрын болмаған өсімі» деген сипаттама берді. Тәулік ішінде вирус жұқтырған адамдардың саны 1700-ге жуықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Өткен тәулікте 67 адамнан коронавирус анықталды Құлсарыда коронавирустан жазылған соңғы екі пациент үйіне оралды Шығыс Қазақстанда коронавируспен күрестің жаңа бағдарламасы әзірленді

Барлық курорттық қалаларда міндетті түрде маска тағу талап етілген, Париж мэриясы да осыған ұқсас шешім қабылдауы тиіс, себебі тұрғындар арасында атақты кварталдар мен Сена жағалауында әлеуметтік қашықтық сақталмай отыр.

Оған көршілес Испанияның да жағдайы ұқсас: мұндағы ауру жұқтырған адамдардың саны да бірдей, бұл екі ай бұрын оқшаулау шараларын алып тастау кезінен бергі рекордтық сан.

Британия өткен аптада Испаниядан қайтып келушілер үшін міндетті карантин енгізген.

Шотландияның Абердин қаласының тұрғындары үшін де екі аптаға созылатын карантин енгізілді.

Германияда індет жұқтырған адамдардың саны 214 мыңнан асқан, федералдық үкімет инфекция таралуының жоғары деңгейі бар елдерден қайтып оралған саяхатшылардың барлығын вирусқа анализ тапсыруды міндеттеді. Бұдан басқа, ел билігі тұрғындарды Антверпен қаласында COVID-19 індетінің жоғары ошағы пайда болған Бельгияға сапар жасаудан бас тартуды сұрайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT