+7 (701) 759 90 19
USD 433.15 EUR 515.06
RUB 5.61 CNY 66.06
Jańalyqtar

«COVID-19»: Би перформансының премьерасы өтеді

2021 жылғы 17 ақпан 22:10
Бөлісіңіз:
«COVID-19»: Би перформансының премьерасы өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада «Astana Musical» мемлекеттік театры «COVID-19» атты жаңа туындысын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақконцерт» МКҰ» РМҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа спектакль атауының өзі айтып тұрғандай, басты назарда – 2020 жылдың ең танымал сөзіне айналған «COVID-19» мәселесі. Қойылымда ойдан шығарылған кейіпкерлер мен үйреншікті пафосқа толы образдар жоқ. Туынды толығымен өміріміздің қазіргі болмысын көрсететін шынайы оқиғаларға негізделген. «COVID-19» хореографиялық спектаклі – бұл мәңгілік құндылықтар туралы пайымдау, адамдардың карантин кезіндегі ішкі ой-толғанысы, санамыздағы өзгерістер, көпшіліктің қисынсыз әрекеттері мен ойға қонымсыз түсініктері, соның нәтижесінде жақындарынан айырылған азаматтардың қайғы-қасіреті...

Әлемді күрт өзгерткен «COVID-19» пандемиясы бізді өзгерте алды ма? Сақтық шаралары мен шектеулерге дейінгі өмір қайта орала ма? Осы және өзге де өзекті сауалдардың жауабын көрермендер «COVID-19» атты хореографиялық спектакльден табады.

Спектакльдің режиссер-хореографы – «Astana Musical» театрының әртісі Анель Мурзагулов. Музыкалық туындыларды «Astana Musical» әртісі Ақжол Өмірзақов жазған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT