Цифрлық теңге енгізу мәселесін қарастырған жөн - Мемлекет басшысы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Алматыда қаржы секторының өкілдерімен кездескен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев болашақ қаржы жүйесінің негізіне айналуы мүмкін цифрлық теңге енгізу мәселесін қарастырған жөн екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесу барысында Президент цифрлық валюталарды айналымға енгізу маңызды екенін тоқталды. Бұл ретте болашақ қаржы жүйесінің негізіне айналуы мүмкін цифрлық теңге енгізу мәселесін қарастырған жөн екенін айтты.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев криптовалюта нарығын дамыту мәселесіне де тоқталды.

«Криптовалюталар – объективті фактор екенін және оларға немқұрайлы қарауға болмайды. Олардың қолданыстағы қаржы жүйесіне әсер ететін тәуекел-қатерлері мен әлеуетін нақты бағалау қажет. Сондықтан елімізде криптобиржаларды құру үшін теңдестірілген реттеу шарттарын қалыптастыру жұмыстарын жандандыру қажет. Басқаша айтқанда, криптовалюталарды шығару бойынша әлемдегі екінші ел бола тұра, қаржы қайтарымын көрмей отырмыз», – деді Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар