Цифрландыру: Елордада ІТ-кеңес құрылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Ботагөз Қасабек тың жобалары бар азаматтарды жаңадан құрылған ІТ-кеңеске шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз STEM-олимпиадаларға баса мән береміз. Ол сайысқа қазір компаниялар ғана емес, оқушылар да белсенді түрде қатысып жатыр. Өткен жылы офлайн режимде бірнеше рет шара өткізгенімізбен биыл ол кездесулердің бәрі де онлайн режимде ұйымдастырылды. Ең қуантарлығы, біздің қаладағы оқушылар шынайы әрі өміршең жобаларды ұсына білді», - деді Нұр-Сұлтан қаласының цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Ботагөз Қасабек онлайн брифинг барысында.

Басқарма басшысының айтуынша, таяуда Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгіновтың қолдауымен ІТ-кеңес құрылған.

«Оның аясында қала тұрғындарының, бизнес қауымдастықтың және ғылыми ортаның пікірін ескере отырып, қаланың цифрландырылуы бағытында бірыңғай саясат қалыптастырдық. Біз Нұр-Сұлтан халқына пайдасын тигізетін жаңа ұсыныстарды қуана-қуана күтеміз. Әр жобаның иесімен кездесіп, егер оның жобасы шынымен қалаға керекті ретінде мойындалып жатса, «Astana Innovation Сhallenge» конкурсына кіргіземіз», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар