Цифрландыру баспана құрылысы құнын арзандатуға қалай ықпал етеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АЭФ-2019 аясындағы панельдік сессияда «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаев цифрландырудың еліміздегі басқа салаларға әсері туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сарапшылар болжамы бойынша 2025 жылға қарай Қазақстанда интернетке қосылған 100 миллионға жуық құрылғы болады, бұл өз кезегінде ұялы байланыс нарығына қарағанда 3,5 артық. Алдағы 6 жылда осы нарықтың көлемі елімізде 250 млн долларға жетеді», - деді Ә. Омарқожаев «Қолжетімді тұрғын үйдің заманауи экожүйесін құрудағы мемлекеттің рөлі» атты панельдік сессияда.

Оның сөзіне қарағанда, осының арқасында «Онлайн Маркетплейстерді» пайдалану баспана мен инфрақұрылым нысандары құрылысын арзандатуға үлкен мүмкіндік ашады. Осы орайда тиісті тұрғырнамада тапсырыс беруші мен өнім берушілер делдалсыз тікелей байланысқа шыға алады.

«Бұл өз кезегінде барлық тараптардың операциялық шығыстарын орташа есеппен 20 пайызға азайтуға жол ашады», - деді ол.

Ә. Омарқожаевтың айтуынша, маркплейстер барынша ашық болуы керек және ақпаратты толық көлемде ұсынуы тиіс. Бұл тұрғыда жұмысына адал емес жеткізушілердің саны шектеледі.

Соңғы жаңалықтар