+7 (701) 759 90 19
USD 424.49 EUR 504.51
RUB 5.59 CNY 64.57
Jańalyqtar

Чемпиондар лигасы: «Барселона» қарсыласын ірі есеппен жеңді

2020 жылғы 21 қазан 03:04
Бөлісіңіз:
Чемпиондар лигасы: «Барселона» қарсыласын ірі есеппен жеңді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ұлттар лигасы: Қазақстан Литвадан жеңіліп қалды Ұлттар лигасы: Қазақстан мен Литва тең түсіп жатыр Футбол: Қазақстан жастары соңғы ойында жеңіліп қалды

G тобында сынға түсетін Испанияның «Барселонасы» өз алаңында Мажарстанның «Ференцварош» клубынан 3:0 есебімен басым түсті. Испаниялық клуб сапынан Лионель Месси 27-минутта пенальтиден есеп ашты. Одан кейін 42-минутта Ансу Фати есепті үстемелей түсті. Ал 52-минутта «Барселонаның» тағы бір ойыншысы Филиппе Коутиньо мергендік танытты. Мажар клубы сапынан Игорь Харатин 70-минутта пенальтиден есеп айырмасын қысқартты. Бұдан кейін испаниялық футболшы Педро Лопес қарсыластар қақпашысын қапы қалдырды. Ал 89-минутта алаң иелері сапынан Усман Дембеле қорытынды есепті белгіледі. Осылайша «Барселона» қарсыласын 5:1 есебімен ойсырата жеңді.

Осы топтағы Италияның «Ювентусы» Украинада Киевтің «Динамосынан» 2:0 есебімен басым түсті.

Алғашқы турдағы тағы бір негізгі ойын E тобындағы Англияның «Челси» және Испанияның «Севилья» командалары арасында өтті. Тартысты өткен кездесуде есеп ашылған жоқ. Бұл топтағы Францияның «Ренн» және Ресейдің «Краснодар» командалары 1:1 есебіне қанағат білдірді.

F тобында Ресейдің «Зениті» өз алаңында Бельгияның «Брюгге» клубына 1:2 есебімен жол берді. Ал Италияның «Лациосы» өз алаңында Германияның «Боруссия Дортмунд» клубын 3:1 есебімен жеңді.

H тобында да тартысты ойындар өтті. Германияның «РБ Лейпциг» командасы өз алаңында Түркияның «Истанбул Башакшехирін» 2:0 есебімен тіз бүктірді. Ал Францияның «Пари Сен-Жермені» өз алаңында Англияның «Манчестер Юнайтедіне» 1:2 есебімен жол берді.

Чемпиондар лигасы бүгін, 21 қазанда да жалғасады. Бұл күні А, В, С және Д топтарындағы командалар өзара шеберлік байқасады.

20-22 қазан аралығында Qazaqstan мен QAZSPORT телеарналары УЕФА Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңінің матчтарын тікелей эфирде көрсетеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT