Чехияның вице-премьері пойыздардың соқтығысу себебін айтты

None
None
ПРАГА. ҚазАқпарат – Пльзень қаласы (Чехияның батысы) мен Мюнхен арасында жүретін «Батыстық экспресс» пойызы машинисінің абайсыздығы Чехияның батысындағы Домажлице қаласының маңындағы Милавче елді мекені маңында жолаушылар пойыздарының соқтығысуына себеп болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Чехияның вице-премьері, Өнеркәсіптік сауда министрлігінің басшысы және көлік министрі Карела Гавличека Twitter -дегі парақшасында жазды.

«Ex-351 пойызы (теміржолдың бір жолды учаскесіне) семафордың тыйым салынған сигналына шығып, басқа жолаушылар пойызымен соқтығысып қалған. Жағдай өте ауыр. Мен барлық жұмыс бағдарламамнан (жоспарланған кездесулерден) бас тарттым. Мен қайғылы жағдай орын алған жерге барамын», - деп жазды ол.

ČTK ақпарат агенттігі хабарлағандай, Германияның жедел медициналық жәрдем қызметінің өкілдері Батыс Чехияға жолаушылар пойыздары соқтығысқан жерге бет алды, барлығы бес жедел жәрдем көлігі жіберілді.

Домажлице қаласының маңындағы Милавче елді мекені маңында пойыздардың соқтығысуы салдарынан екі адам қаза тауып, жетеуі ауыр жарақат алған, олардың жағдайы ауыр. Тағы 31 адам зардап шекті, бірақ олардың жағдайы жаман емес.


Соңғы жаңалықтар