Чехияда тұрғын үйде болған өрт 11 адамның өмірін жалмады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Чехияда Богумин қаласындағы көп қабатты үй отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

CTK басылымының жазуынша, өрт 11-інші қабаттан шыққан. Оқиға салдарынан 11 адам қаза тапты.

Олардың ішінде үшеуі ересек, осыншама бала сол өрт шыққан пәтерде көз жұмған.

Үйінен шыға алмаған бес адам 12-інші қабаттағы пәтердің терезесінен секіріп кеткен. Олар құлап өлді.

Полиция қызметкерлері оқыс оқиғаның негізгі себебі әдейі өртеу деген болжам жасап отыр.

Күдіктінің бірін ұстаудың сәті түскен. Оқиға орнында құтқарушылар мен құқық қорғау органдары жұмыс істеуде.


Соңғы жаңалықтар