Чехияда екі пойыз соқтығысып, ондаған адам жарақаттанды, екеуі мерт болды

None
None
ПРАГА. ҚазАқпарат – Чехияның батысында, Домажлице маңындағы Милавце елді мекенінде екі жолаушы пойызы соқтығысты. Полиция ондаған адамның жарақаттанып, екі адамның мерт болғанын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.

Чехия телевизиясының мәліметінше, Прага мен Мюнхен арасында жүретін «Батыс экспресі» мен тағы бір жолаушы пойызы соқтығысқан. Апат жергілікті уақыт бойынша таңғы 8-ден өте болған.

ЧКТ агенттігінің мәліметіне сәйкес, зардап шеккендердің кем дегенде жетеуінің жағдайы ауыр, 31 адамның жарақаттары одан жеңілірек.

CT24zive телеарнасының дерегінше, Домажлицедегі аурухана теміржол апатынан зардап шеккендерге орын босату үшін барлық жоспарланған оталарды кейінге қалдырған.


Соңғы жаңалықтар