Чехияда екі пойыз соқтығысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Чехияның Чески-Брод қаласында Жолаушылар пойызы тауар таситын составқа соғылды. Апат салдарынан бір адам қаза тауып, 35 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ЧТК ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Оның мәліметінше, Прагадан шыққан жолаушылар пойызының машинисі қаза тапқан. Тағы төрт адам ауыр халде жатыр, 31 жолаушы жеңіл жарақаттар алған. Олардың барлығы жақын жердегі ауруханаларға жеткізілді. Оқиғаның себептері анықталу үстінде.


Соңғы жаңалықтар