Чехия тұрғыны коронавирусты қасақана таратқаны үшін 3 жылға сотталуы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жаңа Зеландия шекараны қайта ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналына сілтеме жасап.

Шетелдіктерге елге кіру 2020 жылдың наурызынан бастап жабылды, бұған дейін билік бұл тыйымды 2022 жылдың қаңтарынан бастап жоюды жоспарлаған, содан кейін ақпан айы туралы сөз болды. Енді мерзімдер әлі де белгісіз, өйткені билік халыққа омикроннан қорғану үшін қайта вакцинациялауға уақыт бермек.

Чехия тұрғыны коронавирусты қасақана таратқаны үшін сотталды. Полиция ер адам өзінен коронавирус анықталғаннан кейін карантин талаптарын сақтамағанын және медициналық маскасыз қоғамдық орындарға барғанын анықтады. Ол 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Әлемде бір күнде 3,8 миллионға жуық адамнан коронавирус анықталды. Бұдан басқа, бірқатар елдерде коронавируспен ауырғандардың тәуліктік өсімі бойынша антирекордтар орнатылды: Бразилияда – 204 854, Германияда – 133 536, Израильде – 71 844, Португалияда – 52 549, Жапонияда – 41 485, Хорватияда – 11 343, Қазақстанда – 15 872.


Соңғы жаңалықтар