Чехия билігі жұмыс берушілерді өз қызметкерлерін коронавирусқа тестілеуді міндеттеді

None
None
ПРАГА. ҚазАқпарат – Чехия үкіметі 50-ден астам жұмысшы мен қызметші жұмыс істейтін ұйымдар мен кәсіпорындардың иелері мен басшылығына апта сайын қызметкерлерді коронавирусқа тестілеуді өткізуді міндеттеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Чех телеарнасына сілтеме жасап.

250-ден астам қызметкері бар кәсіпорындар мен ұйымдарда антигендік жедел тестілермен тестілеу сәрсенбіде басталады, ал 250-ден аз, бірақ 50-ден көп болса, бұл процесс жұмада басталады. Шағын компаниялар мен қызметкерлерді қашықтан жұмыс режиміне ауыстырған компаниялар тестілеуден босатылады.

Биліктің осы талабының орындалуын бақылау елдің санитарлық-эпидемиологиялық қызметіне жүктелген. Тестілеу жүргізбейтін ұйымдар мен кәсіпорындарға 500 мың кронаға дейін (шамамен 20 мың еуро) айыппұл салынуы керек. Олардың қызметкерлеріне тест тапсырудан жалтарғаны үшін 50 мың кронаға дейін (шамамен 2 мың еуро) айыппұл салынуы мүмкін.

Чех телеарнасының хабарлауынша, алдағы екі аптада 10 мың компанияның 2,1 миллион жұмысшысы мен қызметкері коронавирусқа тестілеуден өтуі керек. Министрлер кабинетінің шешімі олардың иелері мен басшылығы арасында түсіністікке ие болды, өйткені ол эпидемия кезінде өндірістік процестің үзіліссіз болуын қамтамасыз етуге бағытталған.


Соңғы жаңалықтар