Cемсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасының рейтингі жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Cемсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасының шпага бойынша рейтингтегі орындары анықталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Отандық спортшылар арасында Руслан Курбанов рейтингте жоғары орналасқан. Қазіргі таңда ол 15-ші орынмен әлем үздіктері қатарында.

Дмитрий Алексанин 23-ші, Вадим Шарлаимов 33-ші сатыда. Ал Эльмир Алимжанов - 49, Иван Дерябин 121-ші орындарға жайғасқан. Әлем рейтінгі көшін ресейлік Сергей Бида бастап тұр. Екінші орында жапон Масар Чмада, үздік үштікті венгриялық спортшы Гергей Шиклоши қорытындылаған. Ал командалық рейтингте Қазақстан құрамасы 11-ші сатыға жайғасқан.

Соңғы жаңалықтар