+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Cемейде бір ай бұрын жоғалып кеткен 55 жастағы ер адам әлі табылмай жатыр

2021 жылғы 22 маусым 03:00
Бөлісіңіз:
Cемейде бір ай бұрын жоғалып кеткен 55 жастағы ер адам әлі табылмай жатыр

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында із-түссіз жоғалып кеткен ер адам іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Семейде құтқарушылар пәтерде қамалып қалған балаға көмекке келді Елордада жоғалған балалар табылды Петропавлда бір ай бұрын жоғалған адам банк картасының көмегімен табылды

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өзі жұмыс істейтін шаруа қожалығына мал бағуға кеткен азамат сол-күйі хабар-ошарсыз.

«9 маусымда «Қызылтас» шаруа қожалығының басшысы Семей қалалық Полиция басқармасының «102» жедел арнасына қоңырау шалды. Өз сөзінде ол 1966 жылғы Олег Зубковтың жоғалып кеткенін айтты. Аталған шаруа қожалық Қайнар ауылынан 45 шақырымдай қашықтықта орналасқан», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Полиция қызметкерлері ер адамды табу үшін жедел-іздестіру шараларын қолға алды. Алайда арада 1 айдан астам уақыт өтсе де Семей тұрғыны табылмай жатыр. Тәртіп сақшылары оның қайда екенін білгендер болса «102» арнасына хабарласуды сұрайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT