БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірісі 2,84% болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Салымшылар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының сайтынан ҚР Ұлттық банкінің басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелімен және басқарушы компанияларға берілген зейнетақы активтерінің портфельдерімен егжей-тегжейлі таныса алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәліметінше, 2021 жылдың 1 сәуірінде басқаруда болған зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 12 603,7 млрд теңгеден асты. Бұл ретте БЖЗҚ-ның Ұлттық банк сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 12 602,31 млрд теңге болды.

Қазақстандық басқарушы компанияларға берілген қаражаттың жалпы көлемі шамамен 1,7 млрд теңге.

2021 жылдың 1 сәуіріне ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес мақұлдаған 2021 жылға арналған бағыттар шеңберінде Ұлттық банк инвестициялаудың негізгі бағыттарын былайша берген:

- ҚР Қаржы министрлігі шығарған, ағымдағы құны 5 505,25 млрд теңгені (бүкіл портфельдің 43,68%) құрайтын ҚР Мемлекеттік бағалы қағаздары. ҚР Қаржы министрлігінің теңгеге номиналданған мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 8,8%, АҚШ долларында – жылына 4,3% құрады.

- ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары (ағымдағы құны 1 793,91 млрд теңге (14,23%). ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының теңгемен номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 10,8%, АҚШ долларымен жылына 5,4% құрады.

- 1 062,57 млрд теңге (8,43%) сомасына ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары. ҚР екінші деңгейлі банктер теңгеге номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 10,1%, АҚШ долларында жылына 0,5% құрады. Екінші деңгейлі банктер депозиттеріне 248,24 млрд теңге (немесе портфельдің 1,97%) орналастырылды. Салымдарын өтеуге орташа алынған кірістілік есепті күнге жылдық 9,1 %-ды құрады.

- 1 056,52 млрд теңге (портфельдің 8,38%-ы) мөлшеріндегі сыртқы басқарудағы активтер. 2021 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда өсім 29,39 % болды.

БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі қаржы құралдарының инвестициялық портфелі былайша берілген:

- ұлттық валютадағы инвестициялар – 68,92%, АҚШ долларында – 30,93%, ресей рублінде – зейнетақы активтері портфелінің 0,14%-ы.

Жыл басынан бері есептелген инвестициялық табыстың құрылымы мынадай сипатқа ие:

- бағалы қағаздар, оның ішінде орналастырылған салымдар және «кері РЕПО» операциялары бойынша сыйақы түріндегі кірістер 216,85 млрд теңге;

- бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 46,01 млрд теңге;

- шетел валютасын қайта бағалаудан түскен кірістер 24,82 млрд теңге;

- сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер 50,75 млрд теңге;

- өзге де кірістер 28,8 млрд теңгені құрады.

Осылайша, 2021 жылдың басынан есептелген инвестициялық табыстың мөлшері 367,23 млрд.теңге. 2021 жылдың басынан бастап салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 1,90% инфляция кезінде 2,84% болды. Егер жылдық мәнде қарайтын болсақ, онда БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшін 2020 жылғы сәуірден бастап 2021 жылғы наурызға дейін зейнетақы активтерінің кірістілігі 7,00% мөлшеріндегі инфляция кезінде 7,57% болды.


Соңғы жаңалықтар